Николай Лаврик «обул» Украину и армию во время войныСхемщик и коррупионер Николай Лаврик – самый лживый нардепПопулист в берцах. Николай Лаврик и его коррупцияНардеп Николай Лаврик стабильно нагревается на армейских берцахОбутый и с руками. Коррупционер Николай Лаврик и его крышаСамый лживый депутат в нынешней сессии – Николай Лаврик. Этот представитель Сумщины не выполнил ни одного своего обещания, зато успел отметиться в ряде коррупционных скнадалов и торговле со страной-агрессором.Александр Дубинский: Петя в сапогахКак подручные Гаранта армию обули.Сколько бы власть ...

Экономика

    Новости

    «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» РУХЫ келелі келешегімен ғана емес, ӨТКЕНІМЕН ӨЛШЕНЕДІ

    «Обще­ствен­ная пози­ция»

    (про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

    ДАТ!


    Сей­сен­бі күні біздің газет­тің редак­ци­я­сын­да қуа­ны­шты һәм ұлағат­ты шара өтті. Елге етене таны­мал ағай­ын­ды ұста­лар – Мах­мұт және Айт­бер­ген Жетенұл­да­ры (Құл­мен­те­гі) халық жазу­шы­ла­ры Қаб­деш Жұмәді­лов пен Софы Сма­та­евқа «Алмас қылыш» сый­лы­ғын тап­сыр­ды. Редак­ци­я­ның алақан­дай бөл­месін қаза­қтың мақтан тұтар аза­мат­та­ры­ның тұлға­сы кеңей­тіп, көңілі­мізді бір көтеріп тастаған­дай бол­ды.

    «Алмас қылыш» сый­лы­ғы тура­лы Мах­мұт Жетенұ­лы мыр­за: «Біз ұлт­жан­ды бір топ қоғам өкіл­дері­мен ақыл­да­сып, кеңесіп, келісіп, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын «Алмас қылыш» сый­лы­ғын тағай­ын­даған едік. Содан бері ұлт мүд­десін ұран еткен аза­мат­тарға қоғам өкіл­дерінің сыйы ретін­де өз қолы­мы­здан құй­ған ежел­гі көшпен­ділер қаруын сый­лық ретін­де тар­ту етуді дәстүр­ге айнал­ды­рып келе­міз», – деді.

    Ағай­ын­ды ұста­лар­дың кішісі Айт­бер­ген Жетенұ­лы сый­лық тап­сы­рар сәт­те: «Біз, әрине, қал­та­лы кәсіп­кер емес­піз, бірақ ежел­гі көшпен­ді қаза­қтың ұста­лық өнері қолы­мы­здан келеді. Оны бүгін­де Қаза­қстан ғана емес, Түр­кі дүни­есіне таны­тқан сыңай­да­мыз. Қазір біз өзі­міз­бен пікір­лес қоғам өкіл­дерінің келісі­мі­мен бұл сый­лы­қты елім деп, жерім деп, ұлтым, мәде­ни­етім, ар-ұятым деп жүр­ген ұлт­жан­ды аза­мат­тарға беріп жүр­міз. Кей­ін­гі жастарға үлгі болар­лық аға­ла­ры­мы­зға да беріп келе­міз. Ұлы Абай ата­мыз айтқан ғой: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көр­ме­сең, істің бәрі бос!» – деп. Сол үшін де бұл сый­лық біздің қолы­мы­з­бен жасалған халы­қтың сый­лы­ғы, қабыл алы­ңы­здар, аға­лар!» – деп, қос айбал­та сый­лы­қтың кезек­ті иелері Қаб­деш және Софы аға­ларға тап­сыр­ды.

    Түр­ки­я­ның «Түр­кі дүни­есі алдын­дағы сіңір­ген еңбе­гі үшін» сый­лы­ғы­ның иегер­лері, Қаза­қстан­ның мәде­ни­ет қай­рат­кер­лері, өнер зерт­те­ушілері, таны­мал темір­шілер Құл­мен­те­гілер­дің еңбе­гін бүгін­де әлем тани­ды десек, қат­ты қате­ле­с­пей­сіз. Олар­дың қолы­нан шыққан көшпен­ді халы­қтың қару­ла­ры бүгін­де Аме­ри­ка, Фран­ция, Гер­ма­ния, Түр­кия, Қытай және тағы басқа көп­те­ген елдер­де көне жәді­гер­дің қай­та­лан­бас үлгісі ретін­де сақта­лу­да.

    Ал енді Тәу­ел­сіздік­тің 25 жылын­да төрт­күл дүние таны­ған ұлт ұста­ла­ры­на әлі күн­ге ел іші­нен жөні түзу бір шебер­ха­на бұй­ыр­май тұрға­нын айту­дың өзі ұят. Алма­ты қала­сы­ның аты­нан атағы дар­дай көр­ме­лер­ге қаты­сып жүр­се де, қала іші­нен шебер­ха­на салуға ұлта­рақтай жер ала алмай отыр­са да, ұлтқа қыз­мет етіп оты­рған ағай­ын­ды темір­шілер ата­кәсіп­тері­нен танған емес.

    «Алмас қылыш» сый­лы­ғын тап­сы­ру рәсі­мі­нен кей­ін, Мах­мұт пен Айт­бер­ген Құл­мен­те­гін «ДАТ!» айда­ры­ның төріне шыға­рып, әңгі­ме­ге тарт­тық. Тіл­шінің қой­ған сау­а­лы­на ағай­ын­ды ұста­лар­дың алма-кезек бер­ген жау­ап­та­ры оқыр­ман қауы­мға ой салар деген ниет­пен ұсы­нып отыр­мыз.


    – Ең алды­мен, қадір­мен­ді ұста­лар, қазақ ұлт пат­ри­от­та­ры аты­нан жыл сай­ын дәстүр­лі түр­де берілетін «Алмас қылыш» сый­лы­ғын тағай­ын­дау иде­я­сы қалай туды?

    Мах­мұт Құл­мен­те­гі: – Сөз басын­да айта кетей­ін, бұл сый­лық бел­гісіз бір интри­га­лар­дың сал­да­ры­нан мем­ле­кет­тік мара­пат­тан қағы­лған, билік өзіне «өгей» санаған, бірақ ұлт алдын­дағы ерен еңбек­тері мен ерлік­тері ескерілуі тиіс аза­мат­тарға беріледі. Ал бұл сый­лы­қтың кезек­ті иегерін біз үше­уі­міз ғана емес, қоғам­дағы ұлт­жан­ды аза­мат­тар аны­қтай­ды. Біз олар­мен ақыл­да­сып алған соң ғана, «Алмас қылыш» сый­лы­ғы­на лай­ы­қты тұлға­лар­ды ата­уға құқы­лы­мыз.

    Ал сый­лы­қтың туу тарихы билік­тің қоғам өкіл­дерін ала­лау, мара­патқа лай­ық аза­мат­тар­ды жік-жік­ке бөлу сал­да­ры­нан осы­дан бір­не­ше жыл бұрын туған. Содан бері ағай­ын­ды үше­уі­міз ақыл­да­са келіп, ұлт пат­ри­от­та­ры­мен кеңесіп, ұлт мүд­десін ұран еткен аза­мат­тарға қоғам өкіл­дерінің сыйы ретін­де, өз қолы­мы­здан құй­ған ежел­гі көшпен­ділер қаруын сый­лық ретін­де тар­ту етуді дәстүр­ге айнал­ды­рып келе­міз.

    Біз көшпен­ді халы­қ­пыз ғой, ежел­ден жауын­гер­лік­ті бой­ы­на сіңір­ген ұлт­тың ұрпағы­мыз емес пе?! Ал бірі-біріне қару сый­лау – сол көшпен­ділер­дің зама­ны­нан келе жатқан дәстүр. Айбал­та – қазақ батыр­ла­ры­ның елі мен жерін қорғау жолын­да пай­да­ланған қаһар­лы қаруы, ат үстін­де қай­қы қылы­шқа, сем­сер­ге, сап сияқты қару­ларға бой бер­мей­тін құдіреті бар. Қара­пай­ым тұр­мыс-тір­лік­ке де ыңғай­лы құрал.

    Айт­бер­ген Құл­мен­те­гі: – Сый­лы­қтың маңы­зы – өсіп келе жатқан ұрпаққа пат­ри­от­тық тәр­бие беру, қазақ халқы­ның ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­на құр­мет­пен қара­уға бау­лу. Біз­ден басқа мем­ле­кет­тер­де мұн­дай көне жәді­гер­лер үлкен бағаға ие. Қазір біз өзі­міз­бен пікір­лес қоғам өкіл­дерінің келісі­мі­мен бұл сый­лы­қты елім, жерім, деп ұлты­на қыз­мет етіп жүр­ген аза­мат­тарға беріп жүр­міз. Сон­ды­қтан бұл сый­лы­қты біздің қолы­мы­з­бен жасалған халы­қтың мара­па­ты деп қабыл­даған жөн.

    – Бұған дей­ін осы «Алмас қылыш» сый­лы­ғы беріл­ген аза­мат­тар ара­сын­да кім­дер бар?

    – Бұр­нағы жыл­да­ры «Алмас қылыш» қаза­қтың маң­дай­ал­ды ақын-жазу­шы­ла­ры, елге еселі еңбек еткен аза­мат­тар – Жәр­кен Бөдеш, Олжас Сүлей­ме­нов, Сәтім­жан Сан­ба­ев, Арон Ата­бек, Рол­лан Сей­сен­ба­ев, Иран Ғай­ып, Герольд Бель­гер, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Ермұрат Бапи, Сұл­тан­хан Аққұлы­на тап­сы­рыл­ды.

    Бүгін екі ақсақа­лы­мыз, ұлты­мы­здың мақта­ны­шы – Қаб­деш Жұмәді­лов пен Софы Сма­та­евқа осы сый­лы­қты тап­сы­ру­дың сәті түсіп отыр. Қаза­ққа дәл осы екі жазу­шы­дан артық қыз­мет еткен қалам­гер кем­де-кем шығар-ау?!

    – Ал енді осы сый­лы­ққа берілетін қару­ды жасау жағы­на тоқта­лай­ық: ең алды­мен есіл еңбек пен асқан ұста­лық, темір­шілік шебер­лік­ті қажет ететін қару­ды айлап, жыл­дап жасаған еңбек­теріңіздің өте­уі қан­дай?

    – Біз бұл үшін ешкім­нен ақы, өтем сұра­май­мыз. Еңбек­тің өте­уі сол – сый­лық лай­ы­қты иесін тап­са, еңбе­гі­міздің ақталға­ны дей беріңіз. Бұл – біз­ге ерте­ден жет­кен темір­ші-ұста­лық өнер­дің дәстүрі. Негіз­гі мақ­са­ты – жас ұрпаққа тәр­бие беру, еліне еңбек еткен ерлерін баға­лау, құр­мет тұту.

    Негізі, ұлт­тық дәстүр­ді сақтау – ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның бір тамы­ры. Мағ­жан ақын айт­пақ­шы, «елдің елді­гін сақтай­тын – оның мәде­ни­еті, әде­би­еті, салт-дәстүрі, тарихы» деп. Қаза­қтың әншілік, күй­шілік, жыр­шы­лық, бәдіз­шілік, тер­ме­шілік өнері­мен қатар, темір­шілік өнерін наси­хат­тау қажет­тілі­гін ұмыт қал­дыр­мауы­мыз керек. .

    – Сый­лы­ққа берілетін бұл қару­ды мем­ле­кет беретін «шир­по­треб» мара­пат­тар­мен салы­сты­руға кел­мей­тіні анық. Бұл – қай­та­лан­бас және жалғыз дана қару­ды жасау құпи­я­сын аша ала­сыздар ма?

    Мах­мұт мыр­за: – Әрбір ұста­ның, шебер­дің өзін­дік құпи­я­сы бола­ды. Қолө­нер­де­гі құпия – ұста­здың шәкірт­ке беріп кететін әдіс-тәсілі. Жал­пы, темір­шілік тек қана кәсіп емес, өзін­дік терең фило­со­фи­я­сы бар өнер: бір сөз­бен құпи­я­сын ашу тіп­ті де мүм­кін емес. Дәстүр жалға­сты­ғын ұрпақтан-ұрпаққа жете­лей­тін өнеріңіздің бірі де осы – темір­шілік. Жаса­ла­ты­ны бір қару болға­ны­мен, оның өмір­ге келу жол­да­ры әрқи­лы болып келеді. Қаза­қтың қару-жарақ, сауыт-сай­ман­да­ры, негізі­нен, тек ат үстін­де­гі жауын­гер­ге лай­ы­қта­ла­ды. Алыс жолға алып жүру­ге жеңіл болуы, қар­сы­ласқан жауы­на қар­сы қол­да­нуға ыңғай­лы болуы керек.

    Сол себеп­ті де біз бұл сала­да халы­қтық мұра­лар­ды терең зерт­теп, оқып, ілім-білім­ді жетіл­діріп оты­руға мүд­делі­міз. Дәл қазір­гі кезең­де ұлты­мы­здың ұмы­ты­лып, кен­же қалған темір­шілік сияқты қаси­ет­ті өнерін қазақ халқы­ның руха­ни әле­мін бай­ы­тып, отан­шыл­дық рухын асқақта­та­тын киелі өнер­дің бір сала­сы деп есеп­теу керек.

    Айт­бер­ген мыр­за: – Бес қаруын асы­нып, жауға шапқан Махам­бет­тің өлең­деріне арқау болған – алмас қылыш, еге­улі най­за, айбал­та ел аузын­да жат­та­лып қал­ды. Ақтам­бер­ді мен Дулат Баба­тай­ұлы­ның жырын­дағы ер қаруы – бес қару­дың бірі болған айбал­таға қаты­сты жалын­ды өлең жол­да­ры ұмыт қалып бара жатыр. Бүгін­де ол қару­лар тек соғыс құра­лы ретін­де емес, баба­дан қалған жәді­гер іспет­ті баға­ла­у­ға тиіс­піз. «Отан соғы­сы» деп ата­ла­тын қырғын­нан қалған, қаза­қтың ұлт­тық мұра­сы­на қаты­сы жоқ танк, зеңбірек, пуле­мет­ті де парк­ке қой­ып, «шедевр» жасап жүр­міз ғой. Ал қаза­қтың жерін, елін қорғаған бес қаруға құр­мет жасал­са, артық па? Кең бай­тақ ел мен жер­ді батыр баба­ла­ры­мыз қалай қорға­ды, қан­дай қару-жарағы, қан­дай қорға­ныс кұрал­да­ры болға­нын ұрпағы­мыз танып-білу­ге тиіс.

    Мах­мұт мыр­за: – Қаза­қтар адам­зат өрке­ни­етіне ауы­здық, үзең­гі, таға, жарғақ шал­бар, дөң­ге­лек тәрізді дүни­е­лер­ді қосты. «Жалаңбұт жүр­ген Еуро­па халқы­на көшпен­ділер шал­бар кигізді» деген сөз бекер емес. Түр­кілер­дің тұр­мыс-тір­шілі­гі адам­зат кәдесіне жараған бұй­ым­дар­ды ойлап табуға ықпал етті.

    – «Қару» деген­нен шыға­ды: көшпен­ділер­дің жау­гер­шілік зама­ны­нан қалған осы жәді­гер­лер­ді түр­кі дүни­есінің мұра­сы ретін­де наси­хат­тау үшін «Қазақ қару музей­ін» (Ору­жей­ная пала­та) ашу жөнін­де мем­ле­кет­тік билік­ке ұсы­ныс жасап жүр­ген­деріңіз­ден хабар­дар едік. Оның ақы­ры не бол­ды?

    Мах­мұт мыр­за: – Бір емес бір­не­ше рет жер­гілік­ті жер­де­гі қала әкі­мі­нен бастап, үкі­мет бас­шы­сы мен пре­зи­дент­ке дей­ін хат жаз­дық. Алма­ты қала­сы­на әкім­дік­ке тағай­ын­далған сәт­те Бай­бек мыр­за­ға да хат жол­да­дық. Бірақ осы­ның бәріне мой­ын бұрған біре­уі жоқ. Негізі, бұл темір­шілік өнер ағай­ын­ды үше­уі­міз­ге ғана емес, жал­пақ қаза­ққа қажет мұра еді – амал нешік?!

    Қару – өрке­ни­ет әле­мін­де­гі үлкен мәде­ни­ет­тің бір пара­сы­на жата­ды. Мем­ле­кет­тілік­тің пай­да болуы да осы қару-жараққа келіп тіре­леді. Қару жасай ала­тын ұста­сы бар елді – мем­ле­кет­тілі­гі қалып­тасқан деп саналған.. Еуро­па­ны аяғы­нан тік тұрғы­зған Еділ, Аспа­рух сияқты биле­ушілер­дің асы­ғы алшы­сы­нан түсуінің бір сыры осы – қару­да жатыр. Кене­са­ры хан да орыс әскері­мен 10 жыл бойы зеңбірек­тер мен отқа­руға қар­сы кең дала­да осы көшпен­ділер қаруы­ның көме­гі­мен толас­сыз шай­қа­сты.

    Ал біздің Қаза­қтың қару-жарақ пала­та­сын құру жөнін­де ұсы­ныс жасаға­ны­мы­зға қырық жыл­дан асып­ты. Кезін­де Жәң­гір хан осы мәсе­лені көтеріп, Уфа­да қазақ қару­ла­рын жинап, көр­ме ұйым­да­сты­рған екен. Тарих­тың сол бір естелі­гін ізде­стіріп, Уфаға дей­ін жет­кен едік, із-түзін тап­па­дық, тек сурет­терін ғана көріп қайт­тық. Біздің ұсы­ны­сы­мы­зды қол­даған билік­ті көре алма­дық. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­те Қару-жарақ пала­та­сы мін­дет­ті түр­де болуы керек. Мем­ле­кет­тілік­тің қалып­та­су жүй­есі заттай айғақ­пен дәлел­де­нуі тиіс.

    Айт­бер­ген мыр­за: – Соңғы жиыр­ма-отыз жыл­дың ішін­де бұл жай­ын­да аз айты­лып, аз жазы­лған жоқ. Жоға­ры­да айтып кет­тік, пре­зи­дент­ке де хат жазға­ны­мы­зды: ұста­лы­қты дамы­тып, қаза­қтың ұлт­тық өнері ретін­де мой­ын­дап, шәкірт дай­ын­дау жөнін­де ұсы­ныс, талап-тілек­тері­мізді ешкім құлағы­на қысты­рар түрі жоқ. Әке­міз­ден қалған аядай үйде осы ұста­лық кәсіп­ті атқа­рып жатыр­мыз. Жеті мем­ле­кет­тен жур­на­ли­стер мен зерт­те­уші-ғалым­дар келіп, көшпен­ділер қаруы тура­лы кино түсір­ді. Ал біздің ел үн-түн­сіз.

    Өз қар­жы­мы­зға «Темір­ші» деген аль­бом-кітап шығар­дық. Сонау көне дәуір­ден ұмыт бола бастаған темір­шілік-ұста­лық өнер, қару-жарақ, ат-әбзел­дері, саз­дық аспап­тар және тұр­мыс-салт­тық бұй­ым­дар сыры­на үңіліп, олар­ды жаса­удың амал-тәсіл­дерін жаңғыр­ту мәсе­лесін егжей-тег­жей­лі жаз­дық.

    Ұста­ха­на көрі­гін қызды­рған­дағы негіз­гі мақ­са­ты­мыз – жай ғана күй­бің тір­шілік­пен айна­лы­сып, тиын-тебен тауып, қарын той­ғы­зу­дың қамы емес, керісін­ше, ата-баба­ла­ры­мы­здың осы дәстүрін жалға­сты­рып, ұлт­тық хас шебер­лер­дің қару-жарақ жаса­удағы қыр-сыры­на терең үңіліп, оны жетіл­ді­ре түсу. Одан кей­ін­гісі, ең маңы­здысы – сол өнер­ді көп­ке тара­ту, шәкірт бау­лу, бола­шақ жастарға қолө­нер­дің құдіретін үйре­ту.

    – Әлде бір ретін тауып, ел пре­зи­ден­тін тағы бір құлағ­дар етудің жолын іздеу керек пе еді? Бүгін­де елде­гі бар мәсе­ленің шешуі пре­зи­дент­ке тіреліп тұрған кез­де, ұлт мүд­десі үшін бұл мүм­кін­дік­ті де пай­да­ла­нып көр­ген­де әбес­тік бол­мас еді…

    Мах­мұт мыр­за: – Пре­зи­дент­тің біл­ме­уі мүм­кін емес, өйт­кені біздің жазған хаты­мы­зға жау­ап беріп, Алма­ты қала­сы­ның бұры­нғы әкі­мі Хра­пу­но­вқа тап­сыр­ма бер­ген бола­тын. Шолақ әкім­дер осы қару-жараққа қаты­сты ұсы­ны­сты «ұлт­шыл­дық» деп, үрке қарай­тын сыңай­лы. Көкірек көз­дері ашыл­са, руха­ни мәде­ни­еті­міз­ге, туризм сала­сын дамы­туға да үлес қосар едік. Әрі-бері­ден соң, осы баста­ма­ны билік­тің өзі қолға ала­тын шаруа емес пе? Ел аста­на­сы Ақмо­лаға көш­кен кез­де, қаңы­рап қалған көп ғима­рат­тың бірін Қару-жарақ музей­іне бер­се деген тіле­гі­міз де бол­ды.

    Өткен жылы Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы сал­та­на­ты­на орай Аста­на тұрғын­да­ры мен қонақта­ры­на қолы­мы­здан шыққан бұй­ым­дар­ды көр­сетіп қайт­тық. Жет­піс түр­лі қару-жарақтың үлгілерін көр­ме­ге қой­дық. Көр­ме­ге кел­ген 3 мың адам­ды тіке­міз­ден тік тұрып қар­сы алдық. Сол еңбе­гі­мізді өз көзі­мен көр­ген Алма­ты­ның әкі­мі Бай­бек мыр­за бүгін­гі таң­да бізді маңай­ы­на жуыт­пай­ды.

    Деген­мен, Қаза­қтың қару-жарақ пала­та­сын құру – Бай­бек­тің дең­гей­ін­де шешілетін шаруа бол­ма­са керек. Бұған мем­ле­кет тара­пы­нан ынта-ықы­лас қажет. Бұл – мем­ле­кет­тік, ұлт­тық, «Мәң­гілік ел» иде­я­сы тұрғы­сы­на сай жүзе­ге асуы тиіс мұра болуы тиіс.

    Қаза­қстан­да отар­сыздан­ды­ру сая­са­ты жүр­гізіл­ме­ген­дік­тен, ұлт­тық мәсе­ле­ге мән беріл­ме­уде. Биыл «Бес қару» атты кино­ның түсірілі­міне қаты­стық. Жуыр­да Қорға­ныс мини­стрі осы фильм­ді елге ұсы­на­ды деп, күтіп отыр­мыз.

    – «Қорға­ныс мини­стр­лі­гі» демек­ші, осы баста­ма­ны министр болып тұрған кезін­де Иманға­ли Тасмағам­бе­тов­ке айтып көру керек пе еді? Оның үстіне, Иманға­ли мыр­за­ның өзі де ұлт­тық көне мұра­лар жина­уға әуес деп есту­ші едік…

    Мах­мұт мыр­за: – Кезін­де марқұм Герольд Бел­гер Иманға­ли мыр­за­ға хат жазуы­мы­зға себеп­кер болып, Име­кеңнің әкім боп тұрған кезін­де пәтер алған­быз: ондай көме­гіне рах­мет­тен басқа айта­ры­мыз жоқ. Бірақ Қару-жарақ пала­та­сын ашу мәсе­лесі оның да қолы­нан кел­ме­ген сияқты. Мәсе­ле – бас жақта, Ақор­да­ның иша­ра­сы­на бай­ла­ны­сты болып тұр ғой…

    – Деген­мен, енді Иманға­ли Тасмағам­бе­тов мыр­за үкі­мет­тің вице-пре­мьері болған кез­де, ол атқа­ра­тын лау­а­зым аясын­да «Көшпен­ділер өрке­ни­еті музей­ін» ашу жөнін­де ұсы­ныс жасаған жөн болар ма еді?

    Айт­бер­ген: – Сіздің сұрағы­ңы­здан бір­жақты­лық бай­қа­ла­ды: «анаған айт», «мына­дан көмек сұра» деген­дей. Біз айтар жер­ге – айт­тық, сұрай­тын­нан – сұра­дық. Бірақ осы темір­шілік өнер Құл­мен­те­гінің үш ұлы­на ғана қажет пе?! Бұл – ұлт­тық мұра ғой, құдай-ау! «Мәң­гілік ел» бола­мыз десек, біздің мем­ле­кет өзінің өткенін неге өшіріп таста­уы тиіс – осы­ны түсін­діріп беріңіз­ші маған?!

    – Айте­ке, біздікі қайт­сек көмек қыла­мыз деген жана­шыр­лы­қтың ғана әлпе­ті ғой…

    – Түсі­нем. Бірақ сол жана­шыр­лық, біздің үше­уі­міз­ге ғана емес, бүкіл қазақ халқы­на, оның мұра­сы­на деген жана­шыр­лық мем­ле­кет тара­пы­нан болуы керек емес пе?! Мәсе­лен, Жапо­ни­яда ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сып, отба­сы­ла­ры­мен салт-дәстүр­ді өлтір­мей сақтап келе жатқан адам­дарға мем­ле­кет қар­жы­лай қол­дау көр­се­те­ді. Өнер адам­да­ры­на, қолө­нер­шілер­ге мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік кепіл­ді­гі беріледі әрі ұлт­тық рух­ты көте­ру­шілер ретін­де қамқор­лық жаса­ла­ды.

    Ал біз­де ше? Осы темір­шілік өнер­ді дамы­тай­ық, қаза­қтың ежел­гі қару-жарақ көр­месін тұрақты түр­де ашай­ық деп, шып-пыр болған үше­уі­міз­ден басқа селт еткен билік бар ма?! Жоқ!

    Әзір­ге жоқ. Бәл­кім, осы сұх­бат­ты оқы­ған, әртіс інім Бек­жан Тұрыс сіздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­дай айтқан­дай, «құлағы ести­тін, көзі көретін шене­унік» табыл­са, бұл іске мой­ын бұра­тын шығар деп үміт­те­нем. Тәу­ел­сіздік­ке қол жет­кіз­ген 25 жыл­дың ішін­де осын­дай ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мыз баға­лан­бай жатқа­ны қат­ты өкіні­шті, әрине.

    Ал көшпен­ділер мәде­ни­етінің фило­со­фи­я­сын жинақтап, оны жан­дан­дан­ды­рып, жас ұрпаққа ұсы­на­тын бол­сақ, қаза­қтың руха­ни мәде­ни­еті әлдеқа­шан биік дең­гей­ге көтерілер еді. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­те ұлт­тық құн­ды­лы­қтар әспет­тел­мей жатқа­нын жасы­рып қай­те­міз? Ол құн­ды­лы­қтарға жалғыз Тасмағам­бе­тов қорған бола алмай­ды. Мем­ле­кет тара­пы­нан, билік­тен ықы­лас керек.

    – Айт­бер­ген мыр­за «анаған айт», «мына­дан көмек сұра» дей­тіні­міз – келер жылы Аста­на­да ЭКСПО-17 халы­қа­ра­лық көр­месі өте­ді. Енде­ше, әлем жұрт­шы­лы­ғы­на осын­дай ұлт­тық бай­лы­ғы­мыз бар деп көр­се­тудің реті келіп тұрған жоқ па? Осы мүм­кін­дік­ті неге пай­да­лан­басқа?

    – Тағы да қай­та­лай­ын: ол мүм­кін­дік­ті біз үше­уі­міз емес, өкі­мет пай­да­ла­нуы керек. Көр­ме­ге кел­ген шетел­дік­тер Аста­на­ның әйнек-әше­кей ғима­рат­та­рын ғана емес, қазақ деген халы­қтың кім екенін, оның өткенін, осын­ша­ма кең бай­тақ жер­ді қалай қорғап қалға­нын білуі керек қой! Ол көр­ме бал­та­ның басын өндір­мей­тін Қаза­қстан­ның жасан­ды жасам­паз­ды­ғын ғана «паш етер» бол­са, ондай жер­ге қаза­қтың қаси­ет­ті жәді­гер­лерін қою­дың өзі үлкен күнә бола­ды. Көр­ме­ге кел­ген қонақтар дулы­ға, торға­уыт, томаған, қорам­сақ, жебе (төрт түрі – сауыт тесері, арқан үзері деген­дей), най­за, сүң­гі, күрзі, шоқ­пар, сақе­тер, қалқан, қан­жар, сем­сер, босмой­ын, айбал­та, құстұм­сық және әске­ри дауыл­паз, тағы басқа қару-жарақты бұл қазақ қалай жасаға­нын олар­ды осы күн­ге дей­ін қаси­ет­ті, құдірет­ті бой­тұ­мар сияқты сақтап кел­генін білуі керек. Ондай көр­ме­де қару-жарақтың сипа­ты мен қол­да­ну тәжіри­бесі­нен хаба­ры бар ұста-шебер­лер­дің өздері қонақтарға әңгі­ме­леп бере­рдей мүм­кін­дік жаса­луы тиіс.

    – Сіз­дер­дің ұста­ха­на-музей­леріңіз­де болған едік. Аядай ғана үйге орна­ласқан ұста­ха­на­да сақталған қару-жарақтар мен басқа да ұлт­тық жәді­гер­лер­ді ынта­лы жұрт­шы­лы­ққа көр­се­тетін көр­мені өз бет­теріңіз­бен ашу жағын ойла­сты­рып көр­медіңіз­дер ме?

    Мах­мұт мыр­за: – Өзіңіз айтып оты­рған аядай бөл­ме әлдақа­шан этно­гра­фи­я­лық мұра­жай­ға айналған. Әрине, арнайы бір ғима­ратқа қол жет­кіз­сек, көр­менің көкесін жасар едік. Онда қару-жарақтар ғана емес, адал­бақан, кебе­же, астау, ошақ, аса­дал, аяққап, ат-әбзел­дері секіл­ді толып жатқан тұр­мыстық бұй­ым­дар бар. Көненің көзін­дей болған тарихы, ерекше ескі кітап­тар­ды да бір қабы­рғаға қалап қой­дық.

    Сіз жеке күш-мүм­кін­ді­гі­міз­бен музей ашу­ды айта­сыз. Ал мына қызы­ққа қараңыз: бір­де қала­лық әкім­дік­тен кел­ген шолақ бел­сен­ділер «сіз­дер қала­ның эко­ло­ги­я­сын бұзып отыр­сыздар» деп, ескер­ту жасаған еді. Көрік жаққан кез­де шыққан түтін, эко­ло­ги­яға зия­ны тиеді екен-міс. Алма­ты көше­лерін газ бен түтін­мен ластаған мил­ли­онға жуық көлік­тің зала­лы жоқ екен де, алақан­дай ұста­ха­на­ның түтіні эко­ло­ги­я­ны бұзып жатыр екен. Осын­дай жағ­дай­дан кей­ін, «жеке күшпен» музей ашу­дың қан­дай кеса­патқа кез бола­рын ойлай беріңіз! Ертең­гі күні өрт қауіп­сізді­гі, санэпи­дем­стан­са­сы, тех­над­зо­ры, басқа да бәле-батыр­ла­ры келіп, не мына­уы­ң­ды жап, не біз­ге пара бер деп, бай­ба­лам сала­ры­на дауы­ңыз бар ма?

    – Жоқ, дауым жоқ. Біз осын­дай оғаш елде тұрып жатқа­ны­мыз кез кел­ген қаза­ққа әйгілі жайт. Деген­мен, халық мұра­сы үшін осын­ша­ма есеп­сіз еңбек етіп жатқан сіз­дер­ге темір­шілік­тің Тәңірі тіле­улес бол­сын!

    Сұх­бат­тасқан –

    Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

    «D»